Өнеркәсіп саласының кәсіпорнында ақпараттық кездесу өтті

Просмотров: 11

Теміртау қаласында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Қалалық коалиция мүшелері қаладағы өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының бірінде еңбек ұжымымен ақпараттық кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды. Сондай-ақ алдағы референдумның қоғам өміріне, соның ішінде өндіріс саласына ықпалы туралы кеңінен айтылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, ұсынылған өзгерістердің маңыздылығын талқылады.

Жиын ашық диалог форматында өтті. Коалиция мүшелері еңбек ұжымының сұрақтарына жауап беріп, конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен мақсаттарын түсіндірді.

Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдағы маңызды өзгерістер туралы ақпараттандыруға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған