Оқу-ағарту министрі мектептерде жаңа жылдық мерекелерге ақша жинауға тыйым салынғанын еске салды

Просмотров: 1
Мектептерде жаңа жылдық іс-шараларға ақша жинауға жол берілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі брифингте айтты, деп хабарлайды 247media.kz

КTК телеарнасының мәліметінше, министр кез келген іс-шара көңіл көтеруге емес, балаларды тәрбиелеуге бағытталуы керек екенін баса айтты.

«Бұрын да айтқанымыздай, мектептерде ешқандай ақша жинау болмауы керек. Осы және басқа да іс-шаралар бойынша үнемі министрлік бұйрығымен тыйым салынғанын айтып келемін. Сондықтан мектептерде ешқандай ақша жинауға жол берілмейді. Бұл жаңа жылдық шыршаларға, мерекелік кештерге де қатысты. Кез келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады».Сондай-ақ, ол мереке қарсаңында мұғалімдердің ешқандай сыйлық күтпейтінін атап өтті.

Бұған дейін заңсыз шығарылған активтерді қайтару есебінен Шымкентте мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынатындығы хабарланған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған