Оқушы маңдайына «жынды» деп жазған ұстаздың бетін тырнап алды

Өзбекстанда тарих пәнінің мұғалімі шәкіртінің маңдайына «жынды» деген сөз жазып жатқанда ешкім күтпеген оқиға болған. Оқушы қатал ұстаздың бетін тырнап алған.

Бұл оқиға Қарақалпақстаның Төрткүл ауданындағы №5 мектеп интернатта болған. Азаттық радиосының Өзбек қызметінің тілшісімен сөйлескен мектеп-интернаттың бір оқушысы тарих пәнінің мұғалімі мұндай жазаны барлық оқушыға қолданатынын айтты, деп жазды centralasian.org.  

«Болмашы нәрсеге бола оқушылардың маңдайына «жынды» деген секілді сөздер жазады. Сабақта сыныптасым партаны сырып алған. Сол үшін мұғалім ол баланы ұрып, оның маңдайына жазып жатқанда оның бетін тырнап жіберген», — деді тоғызыншы сынып оқушысы.

Оқушының ата-анасы құқыққорғау органдарына арызданған. 

«Сот тарих пәнінің мұғалімі Бекмамат Нурметовке айыппұл салды, бірақ ол біздің мектепте әлі жұмыс істейді. Ол оқушыларды қинауын тоқтатқан жоқ», – деді мектеп тәрбиешісі.

Аудандық әкімшілік сот шешімімен, Нурметовке 344 480 сум (40 доллар) айыппұл салынған.

Дереккөз: sputniknews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger