Олжас Бектенов: Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанатын болады

Просмотров: 55
13 тамызда Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары қаралды. Премьер-Министр өз сөзінде Үкіметтің экономикалық патриотизм ұстанымында берік екенін атап өтті, деп хабарлайды 247media.kz

Бектенов билік қазақстандық өндірушіге әрқашан қолдау көрсететінін айтты.

«Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанатын болады. Біз қашанда отандық өндірушіні қолдаймыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір салалық министрдің міндеті. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс.

«Импортты алмастыру жұмыстарын, оның ішінде офтейк-келісімшарттар арқылы жандандыра түсу қажет. Бұл отандық компанияларға өздерін алдағы бірнеше жылдар бойына тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді кеңейтуге және игеруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Экономикасы қарқынды дамыған көптеген елдер ішкі нарықты қолдау және қорғау саясатын белсенді жүргізетінін атап өткен жөн. Халықаралық валюта қоры мұндай қорғау шараларының жартысынажуығы Қытай, Еуропалық Одақ және АҚШ экономикаларына тиесілі.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған