Он бес жасында тұрмысқа шыққан қыздың жанайқайы

Қазақстандық келіншек өзі сүймеген адамға тұрмысқа шығып, өмірінде қандай қиындықтар көргенін айтып берді. Бір кездері қайын жұрты барлық жағдайын жасайтынын айтып, тұрмысқа шығуға күштеп көндірген екен. Бұл туралы «Алматы» арнасы хабарлайды. 

Қазақстандық келіншек Ардақ Әбдіғалиева 15 жасында тұрмысқа шыққан. Бұл қадамға баруына 19 жастағы болашақ жарының «Маған әйел болмасаң, өзіме қол саламын» деген сөздері себеп болған. Ал қайын атасы мен енесі оқытып, барлық жағдайын жасайтынын айтып сендірген. «Олардың сөзіне сенгелі 12 жыл өмірім тозаққа айналды» деп қынжылып отыр келіншек.

Осы уақыт ішінде жұбайы рұқсатсыз далаға шығуға және оқу орнында білім алуға тыйым салған. Мұндай қиындыққа шыдамаған соң әйел арада үш баласының бар екеніне қарамастан заң жүзінде ажырасады. Айтуынша, сот балаларды қатал әкенің қамқорлығында қалдыруды жөн көрген.

«Мен олардың психологиялық денсаулықтары үшін алаңдаймын. Өйткені балаларым біздің айқайымыздың барлығын естіп өсті. У-шудан қорқып, бұрышқа тығылып қалатын. Мен шаршадым. Басқалар секілді білім алып, басқалармен қатар өмір сүргім келді», — деп күрсінді Ардақ Әбдіғалиева.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger