Опасыз жігітімді көз жасым жібермеді

Осыдан 4 жыл бұрын өзім сүйген жігітпен байланысымызды мүлде үзген едім. Толығырақ жазсам, онымен танысып, дос болып араласып жүріп сүйіп қалдым. Арада біраз уақыт өткеннен кейін ол маған жүрүге ұсыныс жасады, қуана қабыл алдым. Кездесіп жүрдік, бәрі жақсы болды,  үйленейік деген әнгімелер шықты. Мен келістім, оған қатты сенген едім. Сондықтан арамыз өте жақын болды, бірде жүкті екенімді білдім. Ол да қуанар деп ойлап, тура  туған күнінде айттым оған. Алайда оның жауабы жүрегімді жаралады. «Алдыр баланы, кімдікі екенін құдай білсін» деген сөзі сүйегімнен өтті. Ашумен баланы алдырып,  онымен қош айтыстым.  Сол кезде оны қарғап, қатты налыдым. 

 Оны ұмыту үшін 2 жұмыс істедім, күндіз өз мамандығыммен, түнде дәмханада кассир болдым. Басымнан өткен жағдайды ұмытуға тырыстым, нәтиже болды, ұмыттым.

Осыдан 2-3 ай бұрын құрбым хабарласып: «әлгі сенің бұрынғы жігітің соқыр болып қалыпты, бір ұлы бар екен» деді. Ішімнен қарғысым тиген екен деп оцладым. Мен оның құрбаны болған жалғыз қыз емеспін. Естуімше, ол талай қыздың көз жасына қалған.

Барлық қыздардай мен де енді өзімді ешкімге керексіз сезіндім. Жігіттерден алшақ жүрдім, тек бір жігіт қана соңымнан қалмады. Оған шындықты айттым,  қыз емес екенімді мойындадым. Ол мені қабыл алды, сүйетінін және бас тартпайтынын айтты. Үйлендік,  тәп-тәтті томпақ ұлым бар, бастысы бақыттымын!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger