“Орталық” өңірлік қолбасшылығында ақпараттандыру өткізілді
Барлығымыз білетіндей ғаламтор, бұл адам санасын улайтын құралдардың бірі. Бүгінде әрбір мемлекеттік мекемелерде ғаламторда дұрыс жұмыс жасау туралы ақпараттандыру өткізілді.
Міне, дәл солай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері мен “Ғаламтор- қате түсініктер торы” атты ақпараттандыру сабағы жүргізілді. Ақпараттандыру барысында Қарағанды облысы дін басқармасы ақпараттандыру
бөлімінің басшысы Далабаева Гүльнар Бакеновна сөз бастады. Сондай-ақ, Орталық өңірлік қолбасшылығы әскери полиция басқармасының офицері майор Муканов Айгерім интернет алаяқтық туралы сөз қозғады. Өз кезегінде әскери қызметкерлер көкейлерінде тұрған сұрақтарына жауап алды.