“Орталық” өңірлік қолбасшылығының командасы волейболдан жеңімпаз атанды

Просмотров: 14

Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні Қарағанды қаласында орналасқан Талғат Бегильдинов атындағы мектепте әскери прокуратураның ұйымдастыруымен волейболдан турнир өткізілді.

Әділет полковнигі Арман Қуанышұлы Қапезовтің құрметі ұйымдастырылған бұл турнирге күштік құрылымдардың 8 командасы қатысты. Жарыс барысында, өзара мықтыны анықтау үшін жеңіліске ұшыраған командалар жарыс жолынан шығыпта қалды. Қорытын жарыс нәтижесі бойынша, жүлделі бірінгі орынды Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшылығы иеленсе, екінші орында әскери прокуратура өкілдері иеленсе, үшінші орынды әуе қорғаныс күштерінің құрама командасы қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, аталмыш турнир аясынжа шахмат және теннистен ойындар өткізілді. Жарыста жеңімпаз атанған барлық командаларға арнайы грамоталар мен медальдар және кубоктер берілді.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған