“Орталық” өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы киберқауіпсіздік пен есірткіге қарсы күрес жайлы ақпарат алды.

Просмотров: 13

Қазіргі таңда, қоғамда белең алған киберқауіпсіздік және есірткіге қарсы күрес мәселесі жайлы, еліміздің барлық мекемелерінде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының жеке құрамымен әскери полиция басқармасының ұйымдастырумен Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкері майор Садвакасов Нұрым “Есірткінің заңсыз таралуы, есірткіге қарсы күрес тақырыбында ақпараттандыру сағатын өткізді. Аталмыш іс-шара аясында, әскери қызметкерлерге интернет желісі арқылы есірткінің қалай таралатыны және оның алдын алу туралы ақпараттар берілді. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің көкейлерінде тұрған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар “Орталық” өңірлік қолбасшылығы әскери полиция басқармасы полиция департаментімен бірлесіп аға лейтенант Дінмұхаммед Ғалиұлының баяндауында “Интернет алаяқтық, әлеуметтік желілердің қауіпсіздігі” тақырыбында ақпараттандыру ұйымдастырды. Аталмыш іс-шара аясында әскери қызметкерлерге интернет алаяқтардың жұмыс жасауы және интернет алаяқтыққа қарсы күрес жолдары баяндалды. Іс-шара аясында әскери қызметкерлерге арнайы бейнероликтер көрсетіліп, мардымды ақпараттар айтылды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған