Қостанай қаласының сауда үйлерінің бірінде ұландықтар мерекелік концерт ұйымдастырды

Просмотров: 9

      Қазіргі таңда еліміздің барлық аймағында «Жеңіске  100 күн қалды» атты акция аясында көптеген іс-шаралар өтуде. Міне, ағымдағы жылдың 18 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери оркестрі өздерінің шығармашылық концерттерін берді. 

Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған бұл мерекелік іс-шара қала тұрғындары үшін үлкен сый болып табылды. Іс-шара барысында, ұландықтар соғыс жылдары жырланған әндерді шырқап, қала тұрғындарының керемет қошеметіне бөленді. Сонымен қатар қала тұрғындары ұландықтар мен бірге ән шырқап керемет көңіл күй көтерді. Ал өскелең жас ұрпақ ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған бұл концертті тамсанып тамашалады.
– Бұл ұйымдастырып отырған іс-шараларымыздың басты мақсаты, өскелең ұрпаққа ұлы жеңіс туралы ақпарат беру. Жастарымыз біздің ардагерлеріміз, батырларымыздың жасаған әрбір ерлік ісін үлгі өнеге тұтса деген ойымыз бар. Бұл біздің іс-шаралардың бастамасы, алдағы уақытта аталмыш акция барысында көптеген ақпараттық іс-шаралар өткіземіз- деп атап өтті әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ескендір Сараубеков.

Аталмыш іс-шара соныңда қала тұрғындары әскери оркестрге өз қошеметін білдіріп, естелік фото суретке де түсті.

 

                                       ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған