Қостанайлық ұландық халықаралық турнирдің жүлдегері атанды
Ағымдағы жылдың 4-6 сәуір аралығында Татарстан Республикасының астана Казань қаласында гір көтеру спортынан халықаралық чемпионат өткізілді. Аталмыш жарысқа Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Беларусия, Сербия, Қытай мемлекеттерінен келген 100 ден аса спортшы қатысты. Сонымен қатар, бұл сайыс 8 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді.
Сондай-ақ, аталмыш сайысқа еліміздің намысын қорғап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметкері ефрейтор Арман Жүнісовте қатысты. 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан ұландық жарыс нәтижесі бойынша жүлделі үшінші орынды иеленді.
- «Мен үшін гір спорты бойынша жарыстарға қатысу тек спорттық сынақ қана емес, күшімді, төзімділігімді және командада жұмыс істеу қабілетімді тексерудің мүмкіндігі болды. Өз әскери бөлімімізде біз әрқашан физикалық дайындық деңгейін жоғары ұстаймыз, және мұндай шаралар, гір спорты бойынша жарыстар сияқты, бізге тек физикалық форманы жақсартуға ғана емес, бірге жұмыс істеу рухын көтеруге де көмектеседі.»-деп мәлімдеді Арман Жүнісов
Жарыста жеңімпаз атанған барлық спортшыларға арнайы медальдар мен грамота және бағалы сыйлықтар табысталды.
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі