Отбасылы еркекті сүйемін деп опық жедім

Менің жайым тіптен қиын. “Ойнап жүріп от басқанымды” кеш түсіндім. Мен де қателестім. Біле тұра  біреудің күйеуімен кездестім.  Ақшалы адам деп, байлығына қызығып, өзіме қаратудың бəрін жасадым. Солай күйеуге  жүз айла мен жүз мың амал пайдаланып шықтым. Күйеуге шығар алдын, бірінші əйелі жүкті екенін білсем де, екеуін ажырастыруға барымды салдым. Ертең –ақ өзім де бала туып, уысымда ұстаймын деп ойладым. Бірақ жағдай мен ойлағандай болмады.Өмірімнің мұңы мен азабы күн сайын көбейе берді-көбейе берді.

 Уақыт алға жылжыған сайын күйеуім бұрынғы əйеліне қарай ауа бастады. Араларында бала болғалы менімен үйленгеніне өкінетін секілді көрінеді. Бұрынғы күннен бір белгі қалмады. Жақындасуымыз да сиреді.  Жақындасқанда да бұрынғыдай өліп-өшу жоқ. Бірдеңе десем, мəні жоқ сөз айтқандай жақ ашпайды.  Кейде…мен артық сияқтымын. Олар үшеуі бақытты сияқты. Мендегі мəселе — күйеуімді  қызынан қызғанатын болып барамын. Əрине. Əкеден қызын ажырату дұрыс емес. Өз еркімнен тыс қызғаныш солай…

Бақыт біреудің көз жасымен құралмайтынын кеш түсіндім.О баста отбасылы еркекке жоламауым керек еді.Бір сәттік қана сезім болған ба, күйеуімнің салқындап бара жатқаны жаныма батады.Бүтін отбасы болғым –ақ келген.Бірақ…оның маған деген ықыласы күнен –күнге суымаса, жылитын түрі жоқ.Бар ойы,қызы.Жұмыстан шығып қызына барады.Қолы босаса сонымен ойнайды, қыдырады.Ал мен шынымен де артық сияқтымын.Өзімді көлденең қосылған көк аттыдай сезінемін.

Не істеймін?Ажыраса салу айтуға  оңай болғанымен, одан зардап шегетінімді сеземін.Ата –анам да кәрі кісілер.”Шыққан қыз шиден тысқары” деген сөз бар.Қайтып барып ата-анамды жерге қаратқым келмейді.Сіздер не дейсіздер? ”Cырласудың” көзі қарақты оқырманы.”Сырласуға ”жазылған пікірлерді оқып жүремін.Қиналып кеттім.Ақыл беріңдерші.

Аноним

Дереккөз: el24kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger