Пәк екенімді дәлелдей алмадым

Мен 22 жастамын, жігітіммен дүргенімізге 4 жыл болды. Таяуда жақын қатынаста болып едік, менің пəктігім білінбеді, пәктік белгім білінбегендіктен ол маған сенбеді, мені кінəлəді, маған айтпаған сөзі қалмады. Менің шынымен де кінəм жоқ, кінəлі болмасаң да өтірік жала жапса қатты жаның ауырады екен.

Мен жгітіме екі жаққа кетейік, сен маған сенбесең, ары қарай бірге жүрудің қажеті жоқ дедім. Бірақ ол смені жақсы көретінін айтып, кетпеді. Оның үстіне ол мені анасымен таныстырған, үйленеміз деп шешіп қойғанбыз. 

Ал менің үйімдегілер жігітімді жақтырмайтын, құрбыларым да ол саған лайық емес деп бəрі менің құлақ етімді жейтін. Оның үстіне жігітімнің тұрмыстық жағдайы да мәз емес. Ол мені құрбыларыммен араластырғысы келмейді, достарыммен бірге ешқайда жібермейді. Бірд тіпті құрбыларымның көзінде қол көтерді, ауыр сөздер айтып боқтайды. Мен ұяттан өліп Осыдан бірнеше күн бұрын ол маған: «сен аәк болмасаң да мен сені алатын болдым» деп міндетсінеді. Бұл сөзді естігенде жүрегім қатты ауырды, мені түсінесіздер ме қатты қиналып кеттім.

Осы жағдайдан кейін бар батылымды жиып, оған кет дедім. Арамызда бәрі біткенін айттым. Мен оған бір көргеннен ғашық болып едім. Қатты қателесіппін, өкінемін. Бәріне өзім кінәлімін. Енлді болашағым не болмақ, қалай қөмір сүремін. 

 Аноним 

Advertisment ad adsense adlogger