Париж-2024: Данияр Шамшаев Сметов пен Қырғызбаевтың жеңісті жолын жалғастыра алмады

Просмотров: 39

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Данияр Шамшаев Париж олимпиадасының алғашқы айналымында сүрінді. Бұл туралы 247media.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дзюдошы Данияр Шамшаев Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың жеңісті жолын жалғастыра алмады. 73 келіде белдескен отандасымыз Париж олимпиадасының алғашқы кезеңінде сүрінді. Өзбек балуаны Муроджан Юлдашевпен беледскен балуанымыз үш “шидо” алып, жеңіліске ұшырады. Осылайша, Данияр Шамшаев өзінің алғашқы олимпиадасында алғашқы айналымнан аса алмады.

Айта кетейік, бұған дейін Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанған Александра жекелей сында жеңіліске ұшырағанын жазған едік.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған