Париж-2024: жарыс алдында дене қыздырған Әбиба Әбужақынованың видеосы елді сүйсінтті

Просмотров: 22

Бүгін Париж Олимпиадасында бақ сынайтын қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова жарыс алдындағы көңіл күйі қандай екенін айтты. Бұл туралы 247media.kz хабарлайды.

Жарыс алдында дене қыздырған Әбиба Әбужақынованың видеосын Qazaqstan телеарнасы Instagram-дағы парақшасында жариялады. Кадр сыртындағы ер адам спортшыдан «Көңіл күйің қалай?» деп сұраған. Оған дзюдошы «Керемет, аға!» деп жауап берді. Видеоны көрген желі қолданушылары спортшы қызға сәттілік тіледі. «Алла қолдап, алтын бұйырсын», «Бағың мен бабың қатар шапсын», «Қобалжу бар шамалы жүзінде. Сәттілік, Әбиба. Жеңесің!», – деп жазуда көпшілік. Айта кетейік, бүгін сағат 13:55-те дзюдошылар сынға түседі. Әбиба Әбужақыноваға Израиль спортшысы Широ Ришони қарсылас болады. Ал ерлер арасындағы сайыста спортшымыз Елдос Сметов Нидерландыдан келген Торнике Чакадуамен күш сынасады. Еске салсақ, Париж Олимпиадасында 27 шілдеге арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін жариялаған едік.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған