Париж Олимпиадасы: Әйгерім Сарыбай алғашқы айналымда жеңіске жетті

Просмотров: 47

Париж Олимпиадасы аясында семсерлесуден әйелдер арасындағы бәсеке басталды. Бұл туралы 247media.kz тілшісі хабарлайды.

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары аясында семсерлесуден «сабля» санаты бойынша алғашқы айналымдағы сайыстар шымылдығын түрді. Қазақстандық семсерлесуші Әйгерім Сарыбай алғашқы айналымда алжирлік Чайма Бенадудамен кездесті. Әйгерім Сарыбай бұл кездесуде алжирлік семсерлесушіден 15:9 есебімен басым түсті. Айта кетейік, Әйгерім Сарыбай 2018, 2019, 2022 жылғы Азия чемпионатында командалық бәсеке бойынша қола жүлдені еншілеген. Қазіргі таңда ел қоржынында бір алтын, екі қола медаль бар. Олимпиаданың алғашқы күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қоланы қанжығасына байлады. Ал күні кеше дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев байрақты бәсекенің қола жүлдесін жеңіп алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған