Павлодарлық әйел екі айлық баласын ұрып өлтірген

Павлодар қалалық сотында Железнодорожник кентінің тұрғынына қатысты үкім шықты. Әйел баласын өлімші етіп ұрып тастаған.

Іс сотталушы мен процессуалдық прокурор арасындағы мәміле түрінде жасалған рәсімдік келісімге байланысты келісу рәсімінде қарастырылды, деп жазады Sputnik.

Айыптау нұсқас бойынша, 39 жастағы әйел баласының өмірге келгенін қаламаған. Жүктілігі жайлы аборт жасатуға кеш болған уақытта біледі. Оның 2013 жылы туған баласы бар. Жаңа туған нәрестесін ауыртпалық деп қарады.

Былтырғы жылдың бірінші қарашасында әйел әкесінің үйінде көршісімен бірге көңіл көтереді. Ер адам кетіп қалғанда, әйел мас күйінде нәрестесімен бірге ұйықтамақ болады. Сәбиі жылай бастағанда, анасы алты рет басынан ұрады. Сәби алған жарақатынан сол жерде мерт болды. Бас сүйегі сынып, жабық ми жарақатын алған.

Әйелге Қылмыстық кодекс , “Дәрменсіз күйдегі адамға қасақана ауыр дене жарақатын келтіріп, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру” бабы бойынша айып тағылды. Мұндай қылмыс үшін 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайыналады.

Айыпалушыны сотта бауыры мен әпкесі қолдап отырды. Олар айыпталушының мұндай іске бармайтынын айтты. Ал, айыпталушыың өзі оқиғаның қалай болғаны есінде жоқ екенін жеткізді.

Сот отырысында айыпталушының адвокаты клиент пен прокурордың арасында сотқа жүгінуді сұрады. Осыған байланысты, бас бостандығынан айыру мерзімі осы баптың ең жоғарғы үштен бірі, яғни алты жыл болуы керек.

Судья Жұлдыз Тілегенова процедуралық келісімнің шарттарымен келісті және айыпталушы мекемедегі орташа қауіпсіздік жүйесімен алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот бес жасар ұлын өз қамқорлығына алған 41 жастағы әпкесіне беруді бұйырды.

Advertisment ad adsense adlogger