Педофилдің құрбаны болдым…

Ата-аналар қыздарынызды барынша жат көз бен арам пиғылдардың әрекетінен қорғауға тырысыңыздаршы.

«Ең алдымен айтарым, аты-жөнім анонимді болсыншы. Жасым 17 де. Биыл мектеп бітірдім. Айтайын дегенім осыдан көп жыл бұрынғы жағдай. 5-6 жас кезімде көршім маған жыныстық қатынас жасады. Алдандырып, тасаға апарып ойына келгенін істейтін. Жалпы әрекетінің дұрыс емес екенін сезіп жылай бастасам жібере салатын. Осының бәрі есімде еміс-еміс сақталыпты. Бірақ мұндай жағдай бір рет болдыма, әлде бірнеше рет болдыма есімде жоқ. Кішкентай кезімнен осы жағдайды анама айта алмадым. Айтпаймын да. Онсыз да менсіз жүрегі ауырады, мен жығылғаннын үстіне жұдырық болғым келмейді. Өзім тұйық едім, одан да бетер тұйықталып бара жатырмын. Әкем бізді қатал ұстайды. Ешқайда да жібермейді. Сондықтан болар мектеп бітіргенше ешкіммен жүрмедім. Сыныптын вечеріне де жібермейтін. Әкеме осыны айтып жылағанымда «кейін осы үшін рахмет айтасындар» дейді. Бірақ мені кішкентай кезімде қорғауы керек еді ғой. Ата-анамның жүзіне қарай алмаймын. Неге сол кішкентай кезімде бәрін айтпадым екен? Мен қызбын ба, қыз емеспінде соны да білмеймін. Қыз болмасам, ертең тұрмысқа кім алады мені? Болашағым не болмақ? Гинекологка бара да алмаймын. Ауылда тұратын болғандықтан, қандай гинекологқа, қай жерге баратынымды да білмеймін. Жақында қалаға Жоғарғы оқу орнына құжат тапсыру үшін барамыз. Ең болмаса сонда мамандар іздеп көргім келеді. Қарағанды қаласында көмектесетін арнайы орталықтар, дәрігер мамандар бар ма? Қыз емес екенімді ойласам, өз-өзімнен жиіркенем. 5-6 жасар кезде қыздық бола ма? Жалпы неш жастан бастап қыздық болады? Неге бұлай болды? Кейде мүмкін қыз шығармын деп те ойлаймын. Бірақ қайдам. Маған иттік жасаған көршімді қарғамаймын. Алла шексіз мейірімді ғой. Жазасын өзі берер. Қазір ол бірнеше рет үйленіп ажырасқан. Бізбен дым болмағандай сөйлесіп, күліп жүре береді. Жиіркенем. Мен енді не істеймін? Өтініш аналар өз қыздарыңызды ешкімше сеніп тапсырмаңыздаршы, тіпті туысқандарыңыз болса да. Өзім дәрігер болғым келеді. Ешқашан тұрмысқа шықпайтын да шығармы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger