Перизат Қайраттың тағы бір заңсыз әрекеті анықталды

Просмотров: 8

Қаржылық мониторинг агенттігі Еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу фактісі бойынша жарияланған ақпаратқа қосымша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды 247media.kz

Оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталды.

2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. «Sensata Plaza» элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге «Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic» жаңа автокөлігін сатып алды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де «Rolex», «Prada» және «Fendi» брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды.

Бұл эпизод бойынша Перизат Қайрат 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Тергеу жалғасып жатыр.

Егер сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 10 мекен-жайы бойынша немесе +7 (7172) 70-84-78 телефон нөмірі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарласуыңызды сұраймыз, – деді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған