Петропавлда жаяу жүргінші ажал аузынан қалды (видео)

Петропавл орталығында жол апаты болып, қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік тротуарға шығып, ағашқа бір-ақ соғылды. Ол жолдан өткелі тұрған адамды қағып кете жаздаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты сейсенбі күні Жұмабаев және Абай көшелерінің қиылысында болды. Бақылау камераларына түскен видео әлеуметтік желілерде жарияланған.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлағандай, көлік апаты «Тойота Камридің» бағдаршам сары жанғанда қиылыстан өтуі салдарынан болған екен. Басқа көлікке соғылмас үшін, жүргізуші рөлді шұғыл бұрып, тротуарға шығып, ағашқа соғылады. 

«Жүргізуші мас болмаған, жол ережесін бұзып, апаттық жағдай туғызғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды», — деп мәлімет берді полиция.

Көлік тротуарда тұрған жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған. Жүргізуші мен жолаушы зардап шеккен жоқ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger