Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы 10,4 млн-нан астам адамды біріктірді

Просмотров: 9

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын және Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы басталғаннан бері республика бойынша 1 мыңнан астам экологиялық акция өткізілді, оған 10,4 млн-нан астам адам қатысты, оның ішінде 586 мың ерікті.

«Жалпы 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 859,6 мың га аумақ тазартылды»,

— деп нақтылады Ерлан Нысанбаев.

«Таза Қазақстан» бастамасы азаматтардың жүйелі көзқарасы, саяси ерік-жігері мен белсенді қатысуы нақты жемісін бере алатынын көрсетті. Ел тұрақты экологиялық даму бағытын айқындап алға басады, бастама әрбір тұрғынның қоршаған орта үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру үшін берік негіз жасайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған