«Qarmet» жұмыскерлері жаңа Конституцияны толық қолдауға дайын екендіктерін мәлімдеді

Просмотров: 11

Қарағандыда Жалпыұлттық коалиция мүшелері шахтерлер мен металлургтер кәсіподақтарының басшылығымен және өкілдерімен кездесті. «Qarmet» Көмір департаментінің ғимаратында өткен басқосуға 40-қа жуық жұмысшы қатысты.

Талқылауда еңбек адамы құндылығы және оның құқықтарын қорғау кепілдігі негізгі тақырып болды. Коалиция өкілдері атап өткендей, жаңа Конституцияда адал еңбек негізгі құндылық ретінде бекітілген. Бұл ретте жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуы және қауіпсіз еңбекпен қамту жағдайлары мемлекеттің тікелей міндетіне айналады.

Өз кезегінде кәсіподақ өкілдері жаңа Конституцияның мәтінімен танысқандарын, ондағы негізгі құндылықтарды толық қолдайтындарын атап өтті. Олар Ата заңның басты идеясы – «Адам мемлекет үшін емес, Мемлекет адам үшін» қағидатын қолдайды. Сондай-ақ қатысушылар жаңа Конституция жобасында әрбір қазақстандық үшін маңызды отбасы, экология, мәдениет, тарих сынды құндылықтар уақтылы және дұрыс бекітілген деп санайды.

Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлердің мерзімінен бұрын зейнетке шығуы туралы заңның оң нәтижелері жөнінде айтты. Еңбеккерлер атап өткендей, олар үшін ең басты құндылықтар – тыныштық, ертеңгі күнге деген сенім және отбасының амандығы мен бақуаттылығы. Сондықтан бұл құндылықтардың жаңа Ата заң жобасында қамтылғанын олар ерекше қолдап, зор ықыласпен қабылдады.

Жұмыскерлер жаңа Конституция олардың құқықтарын қорғап, кәсіби әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Бұл Президенттің Әділетті Қазақстанды құруда адал еңбек, кәсібилік пен жауапкершіліктің маңыздылығы туралы тұжырымын толықтай айқындайды.

Кездесу қорытындысы бойынша «Qarmet» кәсіподақ ұжымы 15 наурызда өтетін референдумда жаңа Конституцияны қолдайтынын, ел мен еңбек адамы үшін сенімді болашақты таңдауға ниетті екендіктерін жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған