Референдум – әр азаматтың үнін еститін алаң
Жаңа Конституция жобасы – жай ғана құқықтық құжат емес, бұл – мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындайтын тарихи шешім.
Ата Заң – елдігіміздің темірқазығы. Ол билік пен халық арасындағы сенімді, әділдік пен заң үстемдігін, азаматтардың құқығы мен еркіндігін бекітетін басты құндылық. Ұсынылып отырған өзгерістер қоғам сұранысынан туындап отыр. Бұл – ашықтыққа, жауапкершілікке, тиімді басқаруға бағытталған қадам.
Ең бастысы – тағдыршешті шешімді халықтың өзі қабылдайды. Референдум – әр азаматтың үнін еститін алаң. Әр дауыс – болашаққа берілген баға, ертеңге жасалған инвестиция.
Тарих бізге сырттан жазылмайды. Оны біз өз қолымызбен қалыптастырамыз.
Сондықтан Жаңа Конституция – бұл тек заң емес, бұл – тарихи таңдау.
Н.Қалқаман,
қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі

