Референдум: Шетелде 74 учаскелік комиссия өз жұмысын аяқтады

Просмотров: 105
Шетелдегі референдум өткізу жөніндегі 74 учаскелік комиссияның барлығы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды 247media.kz

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 59 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9976 адамды құрады. Бұл сайлаушылардың 81,06 пайызының қатысуын қамтамасыз етті.

Қазақстанда 6 қазанда сайлау учаскелері жабылды. Экзит-полл нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда АЭС салуға азаматтардың 71,8 пайызы «жақтап» дауыс берген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған