Республика күніне арналған салтанатты іс-шараның ПРЕСС-РЕЛИЗІ
2024 жыл, 24-қазан
Өтетін орны: Теміртау Мәдениет сарайы
Болатын уақыты: сағат 12.00.
Республика күні – еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі,
бұл жаңа Қазақстанның ұрпағы өзінің бастауы мен сабақтастығын ұлықтап, тарихи еңбегі мен халқымыздың мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін құрметтеуінің символы.
2024 жылдың 24-қазан күні сағат 12.00-де «Теміртау Мәдениет сарайы» КМҚК-да Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Концерттік бағдарламаға сарайдың шығармашылық ұжымдары «Жауыртау сазы» фольклорлық ансамблі және «Гюзель» ҮБА, «Глория» ҮБА, «Арабески» ҮБА, « Вдохновение» ҮӘБА, сонымен қатар жиынтық хор («Елім-ай» әуесқой камералық хоры және «Камерата» балалар хоры) қатысады.
Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздары: Роман Ким, Жеңіс Еркақ, Жеңіс Сейдоллаұлы қатысып, ән шырқайды.
Толық ақпарат алу үшін: Гүлнар Жәкешқызы Рахметова: 8 705 295 50 72. (7213) 91-28-64.