Республика күніне орай Теміртаудың қарт тұрғындары материалдық көмек алады

Просмотров: 6

Республика күнін мерекелеу құрметіне 75 жастан асқан Теміртаудың 7 000-нан астам тұрғыны 20 000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек алады.

«Бұл бастама аға буынды қолдауға бағытталған және жергілікті деңгейде іске асырылатын әлеуметтік қолдау бағдарламасының бөлігі болып табылады. Бұл көмек Республика күніне жағымды әрі пайдалы сыйлық болады деп үміттенеміз», — деп атап өтті «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Раушан Адыханова.

Төлемдер азаматтардың тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік қорғау бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.

Барлық тұрғындарды келе жатқан Республика күнімен құттықтаймыз және әр үйге денсаулық, амандық және бейбітшілік тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған