Әркім өз күнәсіне жауап берсе ғой….( ана өкініші)

Осыдан екі жыл бұрын, жаз айы. Қызым екеуміз поездға отырдық. Астыңғы орынға билет алғанбыз, қызымның орнының жоғарысына бір апа орын алған екен. Жоғарыға мініп түсуінің қиын екенін байқаған қызым, мама мына апамен ауысып алайын ба? — деді. 


— Жарайды — деп едім, апа қуанып алғысын жаудырды. Оразадан кейінгі күндер еді, қарызы бар екен, аузы берік.
-Қызым бақыттысың ба?- деп сұрады апа, шəйдің үстінде. Бір əңгіме айтқысы келіп отырғанын сездім.
-ИЯ, БАҚЫТТЫМЫН-деп айтайын деп тұрдымда анамның сөзі есіме түсіп кетті. Бақытсыз жандардың жанында өзіңнің бақытты екеніңе мақтанба, жаны жабырқап қалады дейтін анам.
-ШҮКІР АПА, тəуліктің жартысы күн жартысы түн ғой дедім.
-Менің сенімен жасты қызым бақытсыз. Үш ұлдан кейінгі əрі кенже, əрі ерке қызым еді. Жақында күйеуі асылып қайтыс болды, ата- енесі керексіз адамдай қуып жіберді. Соған квартира тауып беріп, азырақ күн балдарына қарасып келе жатқан жайым,- деді. Үйіме де сияр еді, келініммен келісе ма жоқпа кім білсін, өзіміз өз үйімізде артық болып қаламыз кей кездері…
-Апа балаларына өмір берсін мойымаңыз деп едім.
-Ия тірі адам тіршілік қылар, ұл қызы өсіп қатарға қосылар. Мені қынжылтатыны бұл емес, жанымды жегідей жегені оның бақытсыздығына мен кінəлі болғандығым.
Жас келіншек едім. Ел қатарлы өмір сүрдік. Үш ұлым бар, көршілерім де жақсы жандар. Екі үйден кейінгі өзімнен екі жас кіші келіншек, күйеуі қайтыс болып бір қыз бір ұлымен тұратын. Ақылды сабырлы сүйкімді еді. Көршілердің бəрі ұнататын, тіпті куйеуімде мақтап отыратын. Мен іштей оны көршілер мақтап жатса қызғанышпен қарайтынмын. Үш жылдай бірге тұрдық, кейін көшіп кетті. Сол үш жылда оның бойынан бір кемшілік іздейтінмін. Онымен бір жерде отырсам күйеуім жайлы, болашағым жайлы айтып мақтанатынмын. Ол сондада күлімсіреп отыратын. Одан сайын жыным келетін. Оған қарап бір еркек амандасса, бұл кім танысыңба, жақсы араласасыңба деп тырнақ астынан кір іздейтінмін. Бір күні базарда кездесіп қалдық. Алма алып тұр едім, олда келіп алды да екеумізге қосып төледі. Өзім дей бергенім сол еді, сіз маған көрші болып қанша жақсылық жасадыңыз. Мен көшіп бара жатырмын үлкен сый жасай алмадым, тым болмаса алма алып берейін деді. Өзім марқайып тұрдым, жақсылықтарым Алладан қайтқандай. Сіз маған күйеусіз өмірдің қандай қиын екенін, жесір əйелдің ешбір еркекке амандасуына болмайтынын үйреттіңіз. Алғысым шексіз деп жасқа толы жанарымен қарағаны көз алдымда. Əрбір алма жеген кезім сол келіншек есіме түсетін. Кейінірек ұмытып кеттім. Араға біраз жыл салып мына оқиға…. Қызыммен сырласа отырып қайта есіме түсті.
— Мама күйеуі бар келіншектер күйеуін айтқанда, кейбірі күйеулерін қызғанғанда жүрегім қан жылайды, мама,- деп өз қызым жылағанда, өз қызыма ӨЗІМ ТЕГІН алып берген тағдырым екенін ұқтым. Мен бақыттан басым айналып шалқып өмір сүргенім бес тиын, балаларым менің қателігіме жауап бергені мені он жылға қартайтып жіберді, қызым. Бір өкінетінім, көшкен көрші келіншектің қайда екенінен бейхабармын, кешірім сұрап та үлгермедім….
Мына көз алдыңда құлпырып өсіп келе жатқан қызыңның болашағы жарқын болсын десең əрбір ісіңе, əрбір сөзіңе «абай бол ботам»- деп сөзін аяқтады апа.
— Ия, апаның айтқан сөздері есімде. Десек те кейде күпірлік қылып жататынымыз бар. Аллам біліп білмей жасаған күнəміз болса кешіргей…. Жасарымызды жасап, ренжітерімізді ренжітіп алып Алла кешірсін деп тақуа бола қаламыз — ау…
— Ия ауыз өзімдікі өз күнəмə өзім жауап берем деп ауыз толтыра сөйлейміз. Бірақ күнəмізге баламыз жауап беретінін ескере жүрейікші.
Ешкімнің көз жасына, ешкімнің наласына қалмайық ағайын!!!! Балаларымыздың қуанышына ғана куəгер болайықшы…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger