Энергетика саласының қызметкерлерімен кездесу өтті

Просмотров: 8

Теміртау қаласында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесулер жалғасуда. Қалалық коалиция мүшелері энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесіп, конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен мазмұны туралы кеңінен әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасына енгізілетін өзгерістердің мәні, олардың қоғам өміріне ықпалы және ел дамуының жаңа кезеңіндегі маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ алдағы референдумның тарихи маңызына тоқталып, әр азаматтың саналы түрде қатысуы мемлекет болашағы үшін маңызды екені айтылды.

Жиын еркін пікір алмасу форматында өтті. Энергетика саласының мамандары өз ойларын білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Кездесу барысында ұсынылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, қатысушылар конституциялық өзгерістердің негізгі мақсат-міндеттерімен танысты.

Мұндай кездесулер қоғамдағы түрлі салалар өкілдерінің пікірін тыңдап, реформалардың мазмұнын тереңірек түсіндіруге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *