«Құрылысмет» ұжымымен Конституциялық реформа талқыланды

Просмотров: 7

Қаламызда Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Бүгін қалалық жалпыұлттық коалиция өкілдері ҚБӨБ «Құрылысмет» еңбек ұжымымен жүздесіп, конституциялық өзгерістердің мазмұнын кеңінен түсіндірді.

Кездесу барысында Жаңа Конституцияның негізгі ережелері, ел дамуының стратегиялық басым бағыттары, адам құқықтарын қорғау тетіктері және өңірлерді кешенді дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушыларға ұсынылып отырған өзгерістердің құқықтық жүйені жетілдіруге, басқару тиімділігін арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталғаны жан-жақты жеткізілді.

Сондай-ақ 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы түсіндіріліп, бұл шешімнің ел болашағы үшін айрықша мәнге ие екені айтылды. Мазмұнды диалог барысында реформаның мемлекеттік басқару жүйесін нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және әділ қоғамдық келісім қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.

Жүздесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Еңбек ұжымы өз сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді. Осындай кездесулер қоғамдағы сенімді арттырып, ортақ түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған