«СҚ Фармацияға» жаңа басшы тағайындалды

Просмотров: 53

Еркен Жақатай «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы  ақпарат агенттігі 247media.kz хабарлайды.

Еркен Исаханұлы Жакатай «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін «СҚ-Фармацияны» 2020 жылдан 2024 жылға дейін Ерхат Есқалиев басқарған еді.

Ол 1994 жылы «Автоматика және басқару жүйесі» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2001 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Мемлекеттік (Мемлекеттік кірістер министрлігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі), квазимемлекеттік («Қазына» Тұрақты даму қорының «Даму «Қоры» АҚ, «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде) және жеке секторда 30 жылдан астам басшылық жұмыс өтілі бар.

2021 жылдан бастап тағайындалғанға дейін жеке секторда жұмыс істеді.

Еске салайық, Ерхат Есқалиев биыл басшылық қызметтен кеткен еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған