Сүйгенімнің досы опасыздық жасады

Салем, қыздар. Сегізінші сыныпта оқып жүрген кезімде басқа мектепке ауысқанмын. Белсенді болған соң бірден жұрттың көзіне түстім. Көп ұзамай бір жігіт ұнататынын айтты, менде оны ұнатып қалдым. Содан жарты жылдай дос ретінде араласып жүрдік.

Жақсы танығаннан кейін жүріп бастадық. 5 жыл бірге жүрдік. Қайда болса да бірге қатысатын едік. Қазір жасым 20-да. Бірінші курс оқып жүрген кезімде оның досы келіп жүрген. Бір күні сол досы туған күніне шакырды. Жігітім ауылға кетіп қалып, бара алмай қалды. Менің де бармағанымды қалады.

Дос баласы ең болмаса сен келші деген соң көңілін қимай барып едім. Сол күнді қарғыс атсын. Дос баласы ішіп алып, маған тиісіп, сол түні мені зорлады. Содан кейін бәрі өзгерді… Қатты қиналдым. Бірақ бәрі кеш болды, құр жылағаннан пайда болмады.

Шыдамай жігітіме бәрін айтып бердім. Ол мен кешіре алмай, кетіп қалды. Бәрі бітті. Оның бұл әрекеті де дұрыс шығар. Бір жерде оқимыз. Ылғи бірге жүреміз кайда болса да. Бірақ ол мені кешіре алмады, ал мен оны ұмыта алмадым.

Қыздар бұл біреуге сабақ болар… Жігіттеріңнің айтқанын тыңдандар. Дос дейтіндердің бәрі дос бола бермейді екен. Адамдарды жек көре бастадым…

Айырылғанымызға 1 жыл болып отыр бүгін… Біреулер мені кінәлайтын шығар, бірақ менің ешқандай жаман ойым болған жоқ. Араласатын достарымыз болғасын көңілін кимай барып едім. Қатты өкінемін…

ВК әлеуметтік желісінен алынды  

Толығырақ: alashainasy.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger