«Сайқал» деген сөз содан қалған болу керек сірə …

Баяғыда жасы сексенге келген бір шіріген бай шал желігіп төртінші əйел алғысы келіпті. Ол заманда жағдайы келген кісілер шариғат бойынша төрт əйел алған екен. Олардың əрқайсысының өз атауы болған.

1. Бəйбіше
2. Тоқал
3. Жас иіс
4. Сайқал

Хош əлқисса, содан іргелес отырған көрші ауылда бір кедей байғұстың əлі қатын алалмай жүрген үш ұлы жəне бірінен кейін бірі уылжып пісіп отырған екі бойжеткен қызы бар екен. Соны естіп, «қалың малға 100 жылқы, 1000 қой, 7 тайтұяқ алтын берсем бір қызын берер ма кен?» деп елші жіберіпті. Елшілер кедейдің үйіне келіп шалдың сəлемдемесін жеткізіпті. Əке шешелері не дерін білмей қыздарына қарайды. Жасы он тоғызға келген үлкен қызы : » атама ойбай, тəнімді шал сипаған құрт жесін оданда» деп далаға тұра қашыпты. Он жеті жастағы кіші қызы өте ақылды əрі қулау болса керек:» тəуекел сол шал осы айтқан қалың малдарын түгел шынымен айдап əкеп беретін болса мен ол кісіге байға тиемін əрі ағаларымда соның арқасында қалыңмал төлеп қатын алып қалсын» деп келісім беріпті. Уəделі күнде жақындап қызды алып кетуге елшілер қалың малды түгел айдап əкеліпті. Кіші қызды жеңгелері сыңсу айтып жылап шығарып салып тұрып:» айналайын Еркежан -ай сексендегі шалға тиіп қор болатын болдың ау қайтеміз енді тағдыр маңдайыңа солай жазса» десе, əлгі қыз айтыпты, «саспаңыздар мен есесіне əке шешемді кедейліктен құтқардым. Сылтаумен ағаларымда қатын алатын болды. Тəуекел ол жақта да бірдеңе ғып өмір сүрерміз, ол ауылдың еркектерінің бəрі бірдей сексенде емес шығар» деген екен.

ҚОРЫТЫНДЫ: «Сайқал» деген сөз содан қалған болу керек сірə …

(с) Шахаров Қанжардың жазбасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger