Сарандағы жылумен жабдықтау жайлы

Просмотров: 15

Саран қаласында үйлерді жылумен жабдықтаудың резервтік жүйесіне қайта қосу аяқталды. Қазандықтар қажетті отын қорымен және жұмысшылармен қамтамасыз етілген. Қазір басты мақсат – тұрғын үйлерді сапалы жылытуды қамтамасыз ету.

–  Мен қала тұрғындарының наразылығын түсінемін. Жағдай тұрақтанғаннан кейін біз міндетті түрде жауапты әрбір адамның іс-әрекетін талдап, бағалайтын боламыз, – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте.

Саран қаласының басшысы Еркін Баулықов қаланы жылумен қамтамасыз ету жағдайы туралы баяндады.

– Барлық үйлер резервтік жылумен жабдықтау жүйесіне қайта қосылған. Барлық жергілікті жылу көздері іске қосылды. Бір орам жұмыс істеп тұрған қазандыққа қайта қосылды. Барлық жылу көздерінде қажетті отын қоры бар. Қосымша көмір тасымалдау қамтамасыз етілді. Қазандықтарда жұмысшылар да жеткілікті. Орталық жылу көзін пайдалануға бергенге дейін қаланы жылумен жабдықтау резервтік жүйе арқылы қамтамасыз етілетін болады, – деп атап өтті ол.

Қазан айында Саран тұрғындарына жылумен жабдықтау үшін қайта есептеу жүргізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған