Сауалнама халықтың басым бөлігі АЭС құрылысын қолдайтынын көрсетті

Просмотров: 10
«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» Жеке қоры КӘЗИ ҚҚ 2024 жылы 11-12 қыркүйек аралығында халық арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді, деп хабарлайды  247media.kz

Сондай-ақ, аталған сауалнама ҚР заңнамалық нормаларын сақтай отырып жүргізілгені, атап айтқанда, референдум өткізу мерзіміне қарсы қоғамдық пікір өлшемін жүргізу туралы ҚР ОСК хабардар етіліп, оған ҚР ОСК-сы 11.09.2024 ж. №ЗТ- 2024-05252908 хатпен жауап бергені атап өтілген.

17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысқан сауалнама ауқымы 1000 респондентті қамтыды.

Сауалнама анкетасына келесі сұрақтар енгізілді:

  1. Сіз АЭС салу бойынша референдумға қатысасыз ба?
  2. Қазақстанда АЭС салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады?
  3. Сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?

Сауалнама қорытындысы келесі жайттарды айқындады:

«Міндетті түрде барамын» (35,6%) және «Мүмкіндігінше баруға тырысамын» (20,2%) нұсқаларын таңдаған респонденттердің үлесі жалпы іріктеменің 55,8%-ын құрады. Осылайша, сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам референдумға баруға дайын екендігін көрсетті. Сауалға қатысқандардың оннан бір бөлігінен астамы «референдумға қатыспаймын» деген (12,2%).

«Алдын ала болжанғандай референдумға қатысу/қатыспау туралы «әлі бір шешімге келмеген» респонденттердің үлесі жоғары болды (16,6%). Сауалнамаға қатысқандардың 13,6%-ы «бұл жаңалықты бірінші рет естіп отыр» (атом электр станциясын салуы мүмкін деген жаңалықты бірінші рет естіп отыр). Респонденттердің аз бөлігі (1,8%) бұл сұраққа «жауап беруге қиналамын» деп көрсеткен», делінген аталған институт хабарламасында.

«Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады?» деген сұрақта пікірлер эмоционалды ұстанымнан бастап толығымен прагматикалық дәлелдерге дейін құбылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған