ШҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті

Просмотров: 21

«Әкімдер халықпен жұмыс і

Шараны «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырды. Жиынға аудан және ауылдық округ басшылары шақырылды. Олар партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын талқылады. Мәселен, аймақта «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында өнімді қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары пайда болды. Ауылдарда әлеуметтік нысандардың ашылуы тұрғындардың әл-ауқатын көтеріп қана қоймай, ауыл халқының қоныс аударуын қысқартуда.

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бұл форум емес, семинар-тренинг деп айтсақ болады. ШҚО-ны алатын болсақ, 124 ауылдың әкімдерінің көбісі бірінші рет мемлекеттік қызметке келіп жатқандары бар. Бизнестен келгендер бар. Әлеуметтік саладан келгендер бар. Көбісі заңды толы білмейді. Сол себептен олардың да бізге сұрақтары көп. Астанадан менторларды алып келдік. Халықпен кері байланысты қалай күшейту керек, сондай жақсы керек пікір алмасу деп ойлаймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған