ШҚО-да биыл 300-ден астам бала шала туды

Просмотров: 8

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 300-ден астам бала шала туды. Олардың 35 пайызы шетінеп кеткен.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл 322 бала шала туған. Шақалақтардың 65 пайызы аман қалып, 35 пайызы шетінеп кеткен. Бұл оң көрсеткіш саналады.

Сонымен қатар жаңа туған 27 нәрестенің салмағы өте төмен болды. Нақты айтқанда, 500-ден 999 грамға дейін.

«Облыстық ана мен бала орталығы жансақтау бөлімімен, өкпені жасанды желдету аппараттарымен, жылытылатын үстелдермен және шала туған нәрестелерді күтуге қажетті барлық құрал-жабдықпен жабдықталған. Жүктіліктің 22 аптасында және одан кейін туған немесе салмағы 500 грамм және одан жоғары шақалақтар өмір сүріп кете алады. Алайда бұл дәрігерлердің білімін, медбикелердің біліктілігін қажет ететін ауыр және қажырлы жұмыс», – дейді басқарма басшысының орынбасары Мадина Мырзабекова.

Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да медициналық қызметке түскен шағымдардың 80 пайызы емхана жұмысына қатысты екендігі хабарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған