Шымкентте 19 жастағы қыз 3-қабаттан секіріп кетті

Шымкентте полиция өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы Аружанның ісі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

 

«31 қаңтарда өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы қызға қатысты «Қысым көрсету және өзіне қол салуға итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді полиция баспасөз қызметі.

Шымкенттегі 19 жастағы қыздың оқиғасы туралы өзінің Facebook-парақшасында Еркін Кахаров жазды.

«31 қаңтар күні Аружан үшінші қабаттан секіріп кеткен. Ол 18 жаста. Бірнеше жерінен жарақат алыпты. Оны 18 қаңтар күні Сұлтан есімді ер азамат алып қашып кеткен. Қызды зорлап, оны әр күн сайын қорлаған. Сөйтіп 3-қабаттан секіруге итермелеген. Сұлтан өзін Сүлейман деп атап, соңғы осы айда тағы да үш рет үйленбекші болыпты», – деп жазады ол.

Жазба авторының айтуынша, жедел жәрдемді куәгерлер шақырған. Ал қыздың телефонын ұлдың әке-шешесі тартып алыпты. Жақындары болған жағдай туралы ертесінде бірақ білген. 20 жастағы күйеубаланың ата-анасы тіпті қыздың туыстарына сес көрсетіп, полицияға хабар беруге қарсы болған.  

Дереккөз: Newtimes.kz

Advertisment ad adsense adlogger