Әскер қауіпсіз болуы керек!
Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар үйлеріне аман оралулары шарт. Теміртаудағы @uu_5516_ortalyk әскери бөлімінің де мақсаты осы. Ата-аналар үшін ашықтықты қамтамасыз етіп, сарбаздарға жағдай жасау.
«Ашық есік» күні жылына екі рет өтеді. Яғни, ата- аналар жылына екі рет осылай Теміртауға келіп, балаларымен көріседі. Оның үстіне әскери бөлім сарбаздарды әке-шешесінің қарауымен кешке дейін босатады екен.