Әскери прокуратура ардагері 70 жасқа толды

Просмотров: 6

  Ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні 6505 әскери бөлімінде әскери прокуратураның ардагері запастағы әділет полковнигі Мороз Владимир Николаевичтің 70 жасқа толуына орай мерекелік іс-шара өткізілді.

Атап өтер болсақ, Владимир Николаевич өзінің мансабын 6505 әскери бөлімінде бастаған болатын. Аталмыш іс-шараларға әскери қызметкерлер, әскери прокуратура қызметкерлері және ардагердің туған туыстары қатысты. Мерекелік іс-шара аясында ардагер ең алдымен әскери бөлімнің тарихы сақталған мұражайын көріп шықты. Сондай-ақ, мерекелік концерт барысында, барлық қонақтарға, ардагердің өмірі бойынша арнайы бейнеролик көрсетілді.

Сонымен қатар, ардагерге Орталық өңірінің әскери прокуроры Данияр Джумадилов бас әскери прогурор әділет генерал-майоры Секенов Дастан Абдикадирович атынан бағалы сыйлықтар мен арнайы мадақтама табыстады. Мерекелік іс-шаралар барысында, ардагердің қызметтес достары запастағы полковник Жантасов Амангелді де ардагерді 70 жылдық мерей тойымен құттықтап өзіінің жылы лебіздерін білдірді. Іс-щара соныңда ескі жылдардағы әндер мен күйлер шырқалып, ардагермен топтық суретке түсіру шарасы өтті.

                                                     ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған