Әскери саланың қаржыгер маманы

Просмотров: 5

      Елімізде, он бесінші қараша – күнтізбедегі айтулы мерекелердің бірі, ұлттық теңге және қаржыгерлер күні.  Аталмыш бұл мерекенің ел экономикасында алар орны ерекше. Себебі ұлттық валютамыз бұл біздің алтын діңгегіміз десек те артық етпес. Екінші себептен бұл мереке тек төл валютамыздың емес қаржы мамандарының да мерекесі болып есептеледі.

Себебі, қай мекемеде болмасын, мекеменің қаржысына жауап беретін қызметкерлер бар. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінде ұжымның көз қуанышына айналған қаржы бөлімінің басшысы капитан Шакирова Эльмира жұмыс жасайды. Нәзік жанды болсада, ел қорғайтын ерлермен бір қатарда қызмет атқарып жүрген Эльмира Жұмабекқызының жүзі жылы, ұжым ішіне жылылық сыйлайтын жандардың бірі. Өзінің ісіне жауапкершілік пен қарайтын кейіпкеріміз, ұжымның арасында сыйлы болып келеді. Өзінің сүйікті ісін таңдаудан қателеспеген кейіпкеріміз бүгінде қаржы саласында, оның ішінде әскери қаржы саласында қызмет атқарып жүргенің мақтаныш санайды.

Кейіпкеріміз, 1982 жылдың 16 наурыз күні қазіргі  Ақмола облысы, Көкшетау қаласына қарасты Дауқара ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Қарапайым отбасында дүниеге келіп ата-анасының, өзінің перзентіне бар білгенің үйреткенін жақсы тәрбие бергенің кейіпкеріміз бен сұқбаттасу барысында көз жеткізді. Әкесі агроном, анасы балабақшада тәрбиеші болып қызмет атқарса да, Эльмира Жұмабекқызы бала кезінің әскери форма киюді армандаған екен.  Кейіпкеріміз мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап есепке жақын болғаның байқаған ата-анасы перзентінің қаржы саласына деген қызығушылығын арттыруға тырысқан. Дегенмен, кейіпкеріміз мектеп қабырғасында білім алып жүргенде, әскери форма киген адамдарға қарап көп тамсанатын. Сондықтан да, бала кезінен бастап әскери форма киіп, офицер боламын деп өзіне мақсат қойған екен. Былай қарап отырсақ, кейіпкеріміз өз таңдауымен ата-анасының да ойлаған ойын жүзеге асырды. Себебі, 2002 жылы бұрыңғы Ішкі әскер қатарына бухгалтер болып жұмысқа орналасады. Бухгалтерлік қызметте жүрген сәтте, өзінің атқарған қызметіне тамсанып, қаржы мамандығына деген қызығушылығы артады. Әрине, мамандыққа ғашық болған адамның, көрем, білем, үйренем деген сөздері рас болып шығады. Эльмира Жұмабекқызы да сол көрем, білем, деген адамдар қатарынан еді. Қызмет барысында білмегенің, сұрап алға қарай ұмтылып тұратын.  Сол қасиетінің арқасында қазіргі таңда Эльмира Жұмабекқызы білдей бір әскери бөлімдегі қаржы бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. Осындай, алғырлығы мен пысықтығымен көзге түскен кейіпкеріміз, бүгінде көптеген мадақтамалар мен алғыс хаттардың иегері.  Өзінің біліктілігі мен көзге түскен Эльмирадан, «Қаржыгер болу үшін қандай қасиет керек» деп сұрағанымызда, еш ойланбастан шынайылық, сапалы ойлау, қаржыны дұрыс есептеу деп бірнеше қасиет ойлап тапты. Қарап отырсақ, расымен де барлық адам бойынан табыла бермейтін қасиеттер. Себебі, миллиондаған емес миллиардтаған ақша жауапты болу оңай емес. Дегенмен бұл жұмыспен кейіпкеріміз жақсы айналысуда. Себебі, кейіпкеріміз әрдайым, нормативі құжатарды еркін меңгеру үшін ізденіс пен біліктілікті қатар алып жүреді. Ал өз кезегінде бұл сала аса жауапкершілік пен тиянақтылықты қажет етеді. Кейіпкерімізбен сөйлесу барысында, кейіпкеріміз «Қаржыгер маман әрдайым көп ақшамен жұмыс жасайды, сол себепті қаржыгер бойында адалдық қасиеті басым болп тұруы тиіс, өйткені көп ақша адам көзін қызықтырып, ойдын бұзылуына алып келеді» деп атап өткен. Расыменде көп ақшаға құныққан адамдар, өз өмірін тас талқан етеді емес пе? Алайда, біздің бүгінгі кейіпкеріміз, өз ісінің үздігі, өз саласының жанашыры болып келеді.

Қарапайым қаржы саласында қызмет атқару бір қиындық болса.  Әскери салада қаржыгер болу одан да қиын екені рас.  Себебі, нәзік жанды болған соң, өзінің отбасының оты болып жүруін де керек. Дегенмен Эльмира Жұмабекқызы бүгінде өзінің жұбайының қолдауының арқасында, өз отбасының жүрегі, өз жұмысының тірегі болып табылады. Бүгінде 4 перзентті бірдей тәрбиелеп отырған алтын анамыз, өзінің ісінің майталманы болып есептелетіні рас. Қаржыгер ісі көзге елене бермесе де, өте тынымсыз жұмыс, себебі бұл қызмет тиянақтылық пен қырағылықты қажет етеді. Кейіпкеріміздің бойынан табылған бұл қасиет алдағы уақытта, өзінің артынан еріп келе жатқан ару қыздары мен батыр ұлдарына даритынына кәміл сенеміз. Сондықтанда, қару мен қаржыны бірдей алып, өз ұжымдастарының арасында сыйлы болып табылатын, өз отбасының тірегі де жүрегі болған Эльмира Жұмабекқызын алда келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтап, әскери өмірдегі қаржы саласына қосып жатқан үлкен үлесі үшін алғыс айта отырып, еңбегіне жеміс, отбасына бақыт, байлық, береке тілейміз.

 

                                                                        лейтенант Бақдәулет Манарбек

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған