Төреғали Төрәлі ұлына ерекше есім берді

Танымал қазақ әншісі Төреғали Төреәлінің отбасында үш қыздан кейін ұл бала дүниеге келді. Әртіс ат ұстар перзентіне Төренұр деген ат қойған.

Бұл туралы Анна Данченко есімді Instagram қолданушысы жеке парақшасында жазыпты.

«Төрәлі тегі ТөреНұр Төреғалиұлының дүниеге келген күні тағы да құтты болсын!» — деп хабарлады отандық арнадағы бағдарламаның жүргізушісі.

Төрт баланың әкесі атанған әнші Төреғалидің қуанышында шек жоқ. Атқа мінер баласын өмірге әкелген жан жары мен «ұлды бол» деген тілекші халқына алғысын білдіріп, өлең жолдарын арнаған.

«Үш қыздан соң Құдайым ұл беріпті, Қалсын деп артымыздан жалғанып із. Сансыз шүкір, мақтау мен мадақ болсын, Қалайша ұмытайық Алланы біз! Барған жерде ұлды бол деп жатушы еді, Ақ бата беріп кемпір-шалдарымыз. Сол елдің ақ тілегі қабыл болып, Мінекей орындалды арманымыз», — деп жазды әнші желідегі парақшасында. 

Айта кетсек, 26 жастағы әртістің Томирис, Тоғжан және Фатима есімді қыздары бар.

Әрі қарай оқу: sputniknews.kz

Advertisment ad adsense adlogger