ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Еркебұлан Рысқұлбек Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Кездесу барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет атқарудағы шектеулерді сақтау, сондай-ақ қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылды.
Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, алдын алу шаралары бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.