Тәтті күндерді қалай қайтарсам екен…

Мүмкін менікі біреулер үшін айтарлықай үлкен проблема емес шығар, бірақ мен үшін маңызды. Маған жай кенестеріңіз кажет. Кейінгі кезде куйеуімнің назары жетіспей жүр. Ол үйде болса да жалғыссырап жүрген сияқтымын.

Негізінде ол жұмысына  азанда кетеді, кешке келеді. Жазды күндері тунде далаға жата салады, салқын кездері басқа бөлмеде теледидар көріп жатып ұйықтап қалады.  Бұрын баламыз болмай тұрғанда үнемі мені құшақтап, сүйіп, еркелететін, түнде қасымнан ешқайда кепейтін. Ал қазір тіпі сөйлесуден қалдық.  Мен кейде оған: «3-4 баламыз болса, қайтер екенбіз» деп әзілдеп қоямын, бірақ ол мені түсінбейін секілді. 

Мен үйде жүрсем де өзіме жақсы қараймын, күтінемін, тамағы уақытылы дайын, бала қараулы, ата-енеммен де қарым-қатынасымыз жақсы. Күйеуіме не жетпей жүргенін қалай түсінсем болады, онымен ашық сөйлескенім дұрыс па?  Əпкелер, көмектесіңіздерші, өмірден туңіліп бара жатқандаймын… Бұрынғы сезімді, тәтті күндерді қалай қайтарсам екен. Басқа біреуі бар деп ойламаймын. Неге мен оны ез жалықтырып алдым? Осы нәрсе мені мазалай береді…

Аноним 

Толығырақ: alashainasy.kz

Advertisment ad adsense adlogger