1-сыныпқа қабылдауға 180 мыңнан астам өтініш түсті

By admin Май 3, 2022

2022 жылғы 1 сәуірден бастап балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 180 мыңнан астам өтініш түсті.  Өтініштің 160 мыңнан астамы электронды форматта қабылданды. Бұл туралы БҒМ бапасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған және egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Біз азаматтарға көрсететін барлық қызметті автоматтандыруға баса мән береміз. ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиадалар электронды форматқа көшірілді. Мұның артықшылығы өте көп. Оның ең бастысы — барлық процестің ашықтығы. Біз барынша ашықтық пен азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істейміз. Балаларды 1-сыныпқа қабылдауға өтініштердің басым көпшілігінің электронды форматта тапсырылуы ҚР БҒМ-нің цифрлық мемлекеттік қызметтері азаматтар арасында танымал екенін көрсетеді, – деді Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *