Таңғаларлық горилла Коко

Адам тектес маймылдар өзге жануар әлемінен әрқашан бөлектеніп тұрады. Бізге ұқсас, олар қашан да ғалымдар мен зерттушілердің ақылын алған. Маймылдарға жүргізілген көптеген тәжірибелердің арасында нәтижесіз де, сондай-ақ күтпеген жерден табысты болғандары бар. Осындай зерттеулердің бірінде қаһарман болған Коко горилласы – өз тайпасының арасындағы нағыз вундеркинд, әлемді өзінің ақыл-ой мүмкіндігімен таңғалдырған, сонымен қатар адамдардың тілін түсінетін қабілетімен қоса мылқаулардың тілінде араласа алады. 

Қысқасы, ерекше тәжірибенің нәтижелі болуы – психолог және адам тектес маймыл мен адамдардың араласу механизмдерін зерттеуші Пенни Патерсонсыз мүмкін емес еді. 1971 жылы Пенни Коко есімді (жапон тілінен аударғанда – «отшашу баласы») кішкентай ұрғашы горилланы үйрету жөнінде мықты жобаны бастады. Айтуларынша, бұл жануар өте қауіпті болғанымен Пенниге дейін ешкім де гориллаларға іс-тәжірибелер жүргізуін қоймаған. Бұдан бөлек, 1925 жылы профессор Роберт Йеркс: «гориллалар шимпанзеден біршама кем дамығын» деген қорытынды шығарады. Ендеше Пенни Паттерсон мен Коко бұл секілді адасушылықтың алдын алады.

Коконың адам тілін ұғынуға жасаған алғашқы қадамдары:
Тәрбиеші мылқау балаларды ым тіліне үйреткен кезде, ол өз бетімен қолдарын қажетті ыңғайына келтіріп икемдейді. Кішкентай Коко, болашақ жануарлар әлемінің өкілі ретінде бастапқыда қонаққа өзіне қол тигізуге жол бермеді. Пенни Кокоға әрбір затты кезекпен қаратып және соған сәйкес ишараларды көрсетуге тура келді. Осындай тәртіппен сабырлы ұстаз горилланың зат пен ым-ишараның арасындағы байланысты түсіну үшін көрсетуін қаншалықты қайталау қажет болса, соншалықты жалғастыратын. Сонымен, кішкентай горилланың алғашқы сөзі ретінде «ыстық» ұғымы – ерінге тақаған саусақ белгісі болды. Уақыт өте келе оқыту үдерісі айтарлықтай қарқындады. 

Екі жыл жүргізген қарқынды сабағы аяқталғаннан кейін Пенни өзінің қамқорлығындағыны арнайы зертхана вагонға салып Стэнфорд университетінің маңайына алып кетеді. Мылқаулар тілінің негізін меңгерген Коко таңқаларлық нәтижелерді көрсете бастады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger