«Таза Қазақстан»: Саран жастары су қоймасы аумағын ретке келтірді
Саранда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатысуымен «Таза Ел – Таза Болашақ» жастар экологиялық акциясы өтті. Қаланың 70 тұрғыны бөгет ауданындағы су қоймасының аумағын қоқыстан тазартты. Акция Балықшылар және балық шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылды.
– Бүгін біз су қоймасының жағалауын қоқыстан тазалап жатырмыз. Мен үшін бұл жай сенбілік емес, туған қалама қамқорлық көрсету. Саран – біздің ортақ үйіміз. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті тәрбиелейді, – дейді Саран қаласының жас тұрғыны Аяжан Орынбек.
Саранда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанына әр түрлі меншік нысанындағы 75 кәсіпорындар мен ұйымдары, соның ішінде оқушылар, студенттер, сондай-ақ қамқор тұрғындар – барлығы 5 мыңнан астам адам қатысты.
Саябақтар мен гүлбақтар қоқыстан тазартылды, тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтары тазартылды.
Көгалдандыру жұмыстары жүргізілді – 5 мыңнан астам түрлі көшеттер егілді.
Экоакциялар одан әрі жалғасады. Оларды өткізу географиясы да кеңейтілетін болады. Қарағанды облысының әрбір бұрышы қамтылуы тиіс. Міндет – қалалар мен ауылдарды таза және өмір сүруге жайлы ету.