Телефонға жауап берген баланың сөзі басшыны тығырыққа тіреді

Бірде үлкен компанияның басшысы жұмысқа келмей қалған қызметкерін іздеп оның үйіне қоңырау шалады. Бұл азамат оның ең сенімді жұмыскерлерінің бірі болатын. Ол бұрын соңды жұмысқа себепсіз кешікпеген. Тіпті келе алмайтындай жағдай болса алдын ала ескертіп отырған. Ал бұл жолы мүлдем хабарласпай, жұмысқа келмей қалады. Бұған алаңдаған компания басшысы оның үйіне қоңырау шалады. Телефонды бес-алтылар шамасындағы сәби көтерген:

— Алло!

— Сәлем! Әкең үйде ме? – деп сұрады басшы.

— Иә, — деп жауап берді бала.

— Мен ол кісімен сөйлесе алам ба? 

— Жоқ.

Баланың бұл жауабына таңғалған жігіт:  — Ал анаң үйде ме? — деп сұрайды.

— Иә.

— Ал онымен сөйлесе аламын ба?

— Жоқ.

Баланың бұл сөзінен соң компания басшысы ойланып қалды. Ол баладан үйде басқа ересек адамдар бар ма деп сұрайды. Сонда бала:

— Иә, бар. Полицейлер бар, — деп жауап берді.

— Ал мен полицейлермен сөйлесе аламын ба? 

— Жоқ, олардың қолы тимей жатыр.

— Сонда не істеп жатыр? 

— Олар менің ата-анаммен және өрт сөндірушілермен сөйлесіп жатыр. 

Түк түсінбеген жігіт телефон тұтқасының арғы жағынан қатты шуды естіп: — бұл не шу? — деп сұрады.

— Вертолет, — деп жауап берді оған бала.

— Онда не болып жатыр? Түк түсінбедім? –  деп жауап берді таңғалған жігіт.

— Құтқарушылар келген тәрізді. Олар жаңа ғана тікұшақтан түсіп жатыр.

 — Олар не істеп жүр? Кімді іздеп жатыр? — деді алаңдаған жігіт.

Ал бала болса— МЕНІ!, — деп жауап берді.

Advertisment ad adsense adlogger