Теміртау қаласының Nº17 мектебінде «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.

Просмотров: 33

Оған Қарағанды облысы полиция Департаментінің басшылыгы, «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушылары, мұғалімдер, полиция қызметкерлері және ардагерлері қатысты.


«Жас сақшы» полиция сыныптарын құру – Ішкі істер министрлігінің басым жобасы
және ең алдымен патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтын алдын алуға және мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған.
-Құрметті оқушылар! Сіздерді Ант қабылдауларыңызбен шын жүректен құттықтаймын, Сіздерге оқуда үлкен белестерге, жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін! Жас сақшы сыныбының ашылуы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша жалғыз Теміртау қаласында емес, еліміздің бірнеше өңірлерінде ашылды- деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығының орынбасары полиция полковнигі Дәурен Алпысбайұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған