Теміртау мен Ақтауда өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілді

Просмотров: 43

Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде 8-14 шілде аралығында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Орман» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Бұл шара аясында Төтенше жағдайлар басқармасы мамандары саяжай қауымдастықтары мен орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін қатаң бақылауға алады.

1 сәуір мен 5 шілде аралығында Теміртау мен Ақтау аумағында құрғақ шөп пен қамысты сөндіруге 45 рет шақырту болған. Өрт қаупі кезеңінің басынан бері саяжай кооперативтерінде төрт өрт оқиғасы тіркелген. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 8 әкімшілік хаттама толтырылған.
5 шілдеде Төтенше жағдайлар басқармасында «Орман» іс-шарасына дайындық аясында саяжай кооперативтерінің төрағаларымен, «Қарағанды ормандарды және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығы» КММ қала маңындағы орман шаруашылығының өкілдерімен және «Факел» жазғы лагерінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында өрт қаупі кезеңінде саяжай қауымдастықтары мен орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Рейдтік іс-шараларды жүргізу үшін әкімдік, ТЖД, полиция, орман шаруашылығы, еріктілер және БАҚ өкілдерінен құралған бірлескен мобильді топтар құрылатын болады. Сонымен қатар, қаланың орманды-дала аймағында тактикалық оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған.
«Орман» жедел-профилактикалық іс-шарасы өрт қаупінің алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған