Теміртау спортшылар қаласы

Просмотров: 22

Спорт күні – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Қазақстандықтар 18 тамызда Спорт күнін атап өтуге үлкен дайындықпен келді. Биыл Спорт күнін жиырмасыншы рет атап өтіп отырмыз.

Биыл Францияның Париж қаласында өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиадада еліміздің абыройын спортта көтерген спортшы саңлақ жастарымыз бәйгелі бәсекеде байрағымызды биікке көтерген жаңа тарихи кезеңдер орын алды. Елімізде спорт саласына ерекше көңіл бөлінеді. Қажетті жағдайлар тиісті деңгейде жасалып жатыр. Мемлекетіміз кәсіби ғана емес, бұқаралық спортты дамытуға да мүдделі. Елді мекендерде арнайы алаңдар салынып жатыр. Өткен жылдың өзінде 70-ке жуық спорт орталығы ашылды.
Биыл тағы 200-ге жуық нысан салынады. Баршаңызға мәлім, Ұлттық Олимпиада комитетінде өзгерістер болды. Олимпиада ойындарына дайындық штабы құрылды. Тәжірибелі мамандарды шақырдық. Белгілі спортшы Геннадий Головкин келді. Әр салада осындай өз ісінің нағыз шебері болуға тиіс. Сонда ғана нәтиже болады. «Жалпы қазақ спорт мектебінің мәртебесі қашан да биік. Бұны спортшылар да әр жарыс, әр жаттығу сайын сезінетіндерін айтты», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Теміртау филиалының тәрбиеленуші спортшылары, жаттықтырушылары мен сол мектеп-интернат-колледжінің басшылары іс-шараның басты қонақтары болып қатысты. Іс-шара осы тамыз айындағы спорт және жастар күнінің құрметіне орай өткізіліп отыр. Басты тақырыбы – «Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі» деп аталады.
Басқосу іс-шарасында Теміртау қаласындағы спортқа қатысы бар барлық спорттық мекемелердің басшылары мен қаламыздағы спортқа еңбегі сіңген Қазақстан Республикасының спорт ардагерлері мен жаттықтырушылары қатысты. Атап айтқанда, Сүйінбаев Кемелбек Момынұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері, КСРО және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазіргі таңда қалалық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары. Өз сөз кезегінде Кемелбек Момынұлы ағамыз: «Теміртау қаласы спортшылар дайындаудан үш мегаполистен және кейбір облыстарға қарағанда алдыңғы қатарда деп сеніммен айта аламын», – деді. Асанова Любовь Атошевна – «Бейбітшілік елшісі», Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, велоспорттан КСРО спорт шебері, «Шебер» категориясы бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, Теміртау қаласы әкімінің алтын белгісінің иегері. Косулина Ярослава Леонидовна – бодибилдингтен спорт шеберіне кандидат, паралифтинг бойынша жоғары санатты жаттықтырушы, салауатты өмір салтын насихаттайтын тұлға, денсаулық топтарының жетекшісі, қаламыздың мүмкіндігі шектеулі жандарымен жұмыс жүргізудің жетекшісі. Скандинавтық жаяу жүруден әлем кубогының жеңімпазы және осы спорт түрі бойынша әлемдік үздік үштікке енген. Сабитова Мария Николаевна – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің Теміртау филиалының директоры.
Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие. Елде спорттың дамуына, бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде. Қазақстандық спортшылар соңғы онжылдықтарда халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Мемлекеттің өзі беделді халықаралық жарыстарды өткізетін орынға айналуда. Әрине, чемпион болу оңай емес. Қазақта «Намысқа шапсаң – алысқа шабасың» деген сөз бар. Сондықтан жеңімпаз боласыздар деп сенемін. Бұл ең алдымен еліміздің спортшыларға артқан зор үміті, халықтың ақ батасы. Көк туымыз тек қана биікте желбіресін. Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Құрманшәді Оразымбетов,
Тұңғыш Президенттің
тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған